Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық – денсаулық кепелі екенін ұмытпайық…

0 508

Тараз қаласын санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосуға бағытталған сенбілік жұмыстары бастау алды. Қала тұрғыны, студент ретінде бұл бастаманы қолдаймын.
Жеке адамның тазалығынан бөлек, өмір сүріп жатқан ортамыздың жасыл желекке толы болғаны өзіміз үшін маңызды. Қаламызды күннен күнге көркейту мақсатында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде іске асырылуда. Саябақтардың жаңыруы, балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі ойын алаңдарының ашылғаны көңіл қуантады. Тараз қаласының тұрақты тұрғыны болғаныма биыл міне 3 жыл. Барлығы кеше ғана сияқты еді. Уақыттың өткенін қаланың жаңғыруынан байқаймын. Пайдалануға берілген нысандарды, тұрғын үйлеріміздің тазалығын сақтау, әрбір жанның міндеті ретінде білгеніміз дұрыс. Сенбілікке үн қосуға достарым мен жақындарымды шақырамын.

Ардана Қыснақбаева,
Дулати университетінің 4-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.