Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көп түйткілдің түйіні тарқатылды

0 558

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі дәстүрлі Жолдауы көп түйткілдің түйінін тарқатқандай. Маңызды құжат ел дамуының алдағы бағытын айқындап, үмітке қанат бітірді. Президенттің ең әуелі  тоқталған мәселесі жайылымдық жерлерге қатысты болды.

– Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр, – деген Мемлекет басшысы субсидияландыру мәселесін қайта қарауды тапсырды. Келесі кезекте Президент халықты жаппай вакцинациялау мәселесіне де ерекше екпін түсірді. Әлемді әбігерге салған коронавирус пандемиясын тежеудің жалғыз жолы – екпе салдыру екенін әлем ғалымдары тегіс мойындап отыр. Сондықтан да қауесетке ермей, екпе салдырып, қалыпты өмірге қайта оралуға барынша күш салуымыз қажет.

Білім мен ғылымның ахуалы да Жолдаудан тыс қалмады. Әсіресе, жетекші ғалымдарға жалақы төлеу мәселесін шешәіп, ғылым саласын дамытуға беру жөніндегі тапсырмасы өте құптарлық. Сонымен қатар Президенттің 2025 жылға дейін 1000 мың мектеп салу жөніндегі тапсырмасы түбегейлі орындалар болса еліміздегі  білім сапасы артып, жаңа биікке құлаш ұрады. Қорытынды айтқанда, биылғы Жолдау еліміздің дамудың даңғыл жолына бұрылмай, тек өркендеуге ұмытылып келе жатқанын айғақтайды.

Малтабар Жаманбаев,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.