Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ардагерлер кеңесіне жаңа басшы

0 1  981

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің пленумында «Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау туралы» мәселе қаралып, Күләш Әбдікешова кеңес төрайымы болып сайланды.

Бұған дейін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдиярбек Түсіповтің кеңесті 6 жыл басқарған кезеңдегі нәтижелі жұмысын жоғары бағалаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, Алдиярбек Әли-Асқарұлының өз өтініші бойынша қызметтен босатылғандығын айтты. Бұл орынға 2014 жылдан бері қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болып келген Күләш Әмедияқызы Әбдікешованың кандидатурасын ұсынып,оның өмірбаянымен таныстырды.
Бұл ұсынысты кеңес мүшелері Ханымкүл Бесімбай, Абдурахман Зейнутдинов, Абдукарим Сулейманов, Светлана Канафина қолдай отырып, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Күләш Әмедияқызының аталған қызметті ерекше белсенділікпен, абыроймен атқаратындығына сенім білдірді. Пленумда К.Әбдікешова өзіне сенім артқан кеңес мүшелеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта аймақтағы атқарушы органдармен және түрлі қоғамдық ұйымдармен бірлесе еңбек ететінін жеткізді.
Сонымен қатар кеңес төрағасының орынбасарлығына ұйымдастыру – әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болып келген Малтабар Жаманбаев сайланды.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.