Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін сүйіншіледі.
Бұл туралы Президент «Twitter» желісінде жазды.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын! – деп ақ тілегін арнады Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы ұлттық санақ 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі түрде де қатысуға болады. 2021 жылғы халық санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!».