Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вакцина салдыру – жіті назарда

0 228

Біздің өңірде вакцина мәселесі жіті назарға алынып, медицина мамандарының атсалысуымен қала тұрғындары екпе алуда.

Құралай ІЗЕТБАЕВА

«Арай» және «Даримед» медицина орталықтарында және қаладағы 9 емханада егу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, «Ауыл-Береке» мен «Қайқармет» базарларында, «МART» және «SMALL» сауда үйлерінің аумағында арнайы бригада қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, шаһар бойынша 127 103 вакцина бөлініпті.
Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов бастаған топ алдымен «Ауыл-Береке» базарын бетке алдық. Бұл бригада бес маманмен қамтылыпты. Мұнда ең алдымен вакцина салдыруға келгендер жалпы тәжірибе дәрігері Нұрсәуле Ақмолданың тексерісінен өтеді.
– Қан қысымын, дене қызуын өлшеп, жалпы денсаулығын тексеріп барып, сосын вакцина салуға жібереміз. Вакцина салдырғандардың жағдайы бірқалыпты. Ешқандай асқыну орын алған жоқ. «Ауыл-Береке» базарының маңында қызмет атқаратын жандар вакцина алып жатыр, – деді дәрігер.
Осы орайда қалалық «Jambyl-Taraz», яғни менің тікелей әріптесім Дионисий Пляшешник вакцина салдыруға кірісіп кетті. Еш қиындықсыз тіркеуден өткен әріптесім дәрігердің тексерісінен кейін әп-сәтте вакцина салдырып алды. Екпеден соң, жарты сағат дәрігердің бақылауында болуы шарт. Себебі екпеден кейін кейбіреулердің басы айналып, түрлі қолайсыздыққа тап болуы мүмкін екен. 30 минут уақыт өткен соң, «МART» сауда орталығын бетке алдық.
– Қала тұрғындарын вакцина алумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған медициналық бригада бүгінде дамылсыз еңбек етуде. Жастар тарапынан 50-ге жуық волонтер назар аударды. Адам көп шоғырланған «Ауыл-Береке» мен «Қайқармет» базарларында, «МART» және «SMALL» сауда үйлерінде бұл мәселе қолға алынды, – дейді Абзал Есіркепов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.