Қалалық қоғамдық-саяси газет

Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ҚАУЛЫ

0 390

2021 жылғы « 25 » мамыр  №5  Тараз қаласы

Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шиналиев Байділдә Сейділдаұлы, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабының, 1-тармағының 4) тармақшасының, 2-тармағының 3) тармақшасының, 102, 104, 107-баптарының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығы негізінде және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары, Жамбыл облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы негізінде Жамбыл облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Тараз қаласының, аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдары, құқық қорғау және арнайы органдары, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының және «Атамекен» ӨКП басшылары (келісім бойынша) қамтамасыз етсін:

1.1. Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындау. Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларын басшылыққа алу;

1.2. Тараз қаласын қоспағанда, Жамбыл облысы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) «Жасыл» аймақ өлшемшарттары негізінде қабылдансын;

1.3.  Жағдай тұрақталғанға дейін Тараз қаласының аумағындағы шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын жүргізу. Тараз қаласының аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу осы қаулының 1-қосымшасына (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) сәйкес «сары» аймақ өлшем шарттары негізінде қабылдансын;

1.4.  Эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда шектеу шараларын қатаңдату   5 күн ішінде («жасыл» аймақтан «сарыға» немесе «сары» аймақтан «қызылға» өту), карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «жасыл» аймаққа «сары» аймақтан ауысқаннан кейін 7 күннен ерте емес жүргізіледі»;

1.5.  Кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу. Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізуде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы » № 22 қаулысын басшылыққа алу»;

1.6. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «Ashyq» қосымшасы бойынша «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған жағдайда растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебенің скриншоты) ұсына отырып, ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен хабарлайды/хабарлайды:

– Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы, тел: ұялы +77760040401(ватсап), жұмыс: 8(7262)45-78-08, эл.пошта: b.kydyrbaev@dsm.gov.kz;

– Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Әбділдә Ғабит Әлімұлы,  тел: ұялы +77029790939 (ватсап), жұмыс: 8(7262)34-28-30, эл.пошта: g.abdilda@dsm.gov.kz.

1.7. Тараз қаласын қоспағанда, Жамбыл облысының аумағында «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеулер осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес («Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері) «Жасыл» аймақ өлшем шарттары негізінде қабылдансын;

1.8. Тараз қаласының аумағында «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшем шарттары осы қаулының         2-қосымшасына сәйкес («Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері) «сары» аймақ өлшем шарттары негізінде қабылдансын;

1.9. Әкімдіктер жанындағы мониторингтік топтарының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына күн сайын мониторинг жүргізу және объектілерге тұрақты тексерулер жүргізу: қызметі рұқсат етілген объектілерде шектеу карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану»;

1.10. Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамалардың, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саяжайлар мен алаңшалар (орыншалар мен орындықтардың) және басқалардың жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізу;

1.11.  Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде, оның ішінде жаппай болатын және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салаларында (сұлулық салондары, ательелер және т. б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күніне кемінде екі рет ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу);

1.12.  Халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдеріне:

2.1. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз етсін;

2.2.  Облыс тұрғындары арасында COVID-19 таралуына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу жүргізу;

3. Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2021 жылғы       14 мамырдағы №4 қаулысының күші жойылды деп танылсын;

4. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

5. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы қаулы 2021 жылғы 27 мамырда сағат 00:00-де күшіне енеді.

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Б. Шиналиев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.