Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бағдарламалар жүзеге асуда

0 263

Мемлекеттік бағдарламаны Тараз қаласы аумағында іске асыру нəтижесінде 2017-2020 жылдар аралығында 67 тұрғын үй бой көтерді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы «Арай» және «Бәйтерек» мөлтек аудандарында 8 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.

2018 жылы Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңында 22 құрылыс нысанына 8,6 млрд теңге (РБ – 3 млрд теңге, ОБ – 5 млрд теңге) қаражат бөлінді. 12 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, оның ішінде 9 көппәтерлі кредиттік тұрғын үй, 3 арендалық тұрғын үй. 2019 жылға 10 кредиттік тұрғын үй құрылысы өтпелі болды.

2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлығы 34 тұрғын үй құрылысына 14 млрд теңге (РБ – 3 млрд теңге, ОБ – 2,7 млрд теңге, ОБ кредит есебінен– 6 млрд теңге, ҚБ – 2,4 млрд теңге) қаражат бөлінді. 21 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, оның ішінде 10 көппәтерлі арендалық тұрғын үй, 11 кредиттік тұрғын үй.

2020 жылы тұрғын үй саласы бойынша 54 тұрғын үй құрылысына 19 млрд 762 млн теңге (РБ – 6 млрд теңге, ІҚ – 12 млрд теңге, ОБ – 1,3 млрд теңге) бөлінді. Оның ішінде:

  • 27 кредиттік тұрғын үй, оның ішінде 2019 жылдан өтпелі 18 үй (пәтер – 1920 дана, жалпы алаңы – 113 329 ш.м);
  • 23 арендалық тұрғын үй, оның ішінде 2019 жылдан өтпелі 2 үй (пәтер – 925 дана, жалпы алаңы – 62 286 ш.м);
  • 4 тұрғын үй «Арай-2» шағын ауданындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған арендалық үйлер (пәтер – 180 дана, жалпы алаңы – 5407,9 м2).
    Бүгінгі таңда 26 тұрғын үй (14 арендалық тұрғын үй, 12 кредиттік тұрғын үй) пайдалануға тапсырылды.
    Анықтама:
    ● 60 пәтерлі кредиттік 7 тұрғын үй, жалпы алаңы- 25543 м².
    ● 80 пәтерлі кредиттік 5 тұрғын үй, жалпы алаңы- 23209,5 м².
    ● 45 пәтерлі арендалық 13 тұрғын үй, жалпы алаңы- 34552,44 м².
    ● 80 пәтерлі арендалық 1 тұрғын үй, жалпы алаңы- 4641,9 м².
    Барлығы 1485 пәтер пайдалануға тапсырылды. Жалпы алаңы – 87 946,84 м².
    2020 жылдың желтоқсан айында 9 тұрғын үй құрылысына мемлекеттік конкурс жарияланып, мердігер мекемелер анықталды. 5 ірі панельді, 4 каркасты тұрғын үйлер құрылысы 2020 жылға қаржыландыру қарастырылмағандықтан, 2021 жылға өтпелі.
    Ал 28 нысан 2021 жылға өтпелі:
  • 15 кредиттік тұрғын үй (пәтер – 1100 дана, жалпы алаңы – 64 562,8 м²);
  • 13 арендалық тұрғын үй (пәтер – 440 дана, жалпы алаңы –27 409,08 м²).
    Анықтама: 2020 жылы жоспарланған 54 тұрғын үйдің 7 нысаны 2021 жылға өтпелі болатын. Алайда жылдың соңында 28 нысан өтпелі болды. Еліміздегі COVID-19 пандемиясына байланысты жұмысшы тобының тапшылығы мен құрылыс материалдарының жеткізілуінің кешігуіне байланысты мердігерлердің өтініш хаттарына орай өндірістік кестеге өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Осы себептердің барлығы тұрғын үйлердің мерзімінде тапсырылуына кері әсер етті.
    Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде: «Бәйтерек» мөлтек ауданында орналасқан 6 тұрғын үй және Сүлейменов көшесі соңындағы 15-ші мөлтек ауданда 31 тұрғын үй құрылысы. Оның ішінде 20 кредиттік тұрғын үй (пәтер саны – 1500, жалпы алаңы – 72323 ш.м) және 17 арендалық (пәтер саны – 1065, жалпы ауданы – 33899 ш.м.) Барлығы – 2526 пәтер, жалпы ауданы – 106 222 ш.м.
  • Төлеген Бибосынов,
    «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ-нің басшысы
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.