Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

0 383

Бір сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» дейді. Расында, тарихи тәжірибеге көз жүгіртер болсақ, әр ұлт өз тілін сүйіп, құрметтесе оның елі әлемдік құрметке бөленіп, дәулеті шарықтай түсетіні белгілі.

Елбасымыздың осыған дейінгі Жолдауларында да, Тілдерді дамытумен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да мемлекеттік тілді дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашып көрсетілген. Қазақ тілінің маңыздылығын және қолданыс аясын кеңейту сонау Алаш зиялыларынан бастап бір ғасырдан бері айтылып, жазылып келеді.

Шындығында, дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру. Бұл орайда, өңірде 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдердің қызметі мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде іске асып келеді. Ондағы мақсат елімізде тұратын барлық ұлыстардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толыққанды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын іске асыру. Бұл бағдарлама арқылы мемлекеттік тілді халықтың барынша көп бөлігі меңгеруіне жәрдемдесіп, сондай-ақ оны қолдану салаларын кеңейту, тіл мәдениеті деңгейін арттыру жолдары жан-жақты қарастырылған.

Айта кетерлігі, бағдарламада біздің өңірде мемлекеттік тілді меңгерген халық санының үлесі 100 пайызды, ағылшын тілін меңгергендер – 18,5 пайызды, үш тілді білетіндер – 14,5 пайызды құрауы тиіс екендігі көрсетілген. Бүгінде тіл оқыту орталығында аталмыш нәтижелерге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар. Бүгінгі күні облыста мемлекеттік тілді еркін меңгергендер халықтың 95 пайызын құрады. Біздің облысымызда 80-нен астам ұлыс өкілдері тұрады, бұл облыс халқының жалпы санының 28 пайызы, ұлыстар өкілдерінің 54 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Көп тілді білу – заман талабы екендігі айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Қазіргі таңда тіл оқыту орталығында ағылшын тілінен 3 мұғалім, қазақ тілінен 5 мұғалім әртүрлі сала өкілдеріне жоғары сапалы тіл үйрету үшін аянбай еңбек етіп келеді. Қуанарлығы, аймақта қазақ тілін білгісі келетін түрлі мекеме қызметкерлерінің саны өсіп келеді. Бұл мемлекеттік тілге деген құрметті көрсетсе керек-ті. Есесіне, орталық жылына лек-легімен мыңнан астам азаматқа тіл үйретіп келеді. Болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді әлемдік аренаға шығарса, мемлекеттік тіл арқылы қымбат байлығымызда сақтап қалуға мүмкіндік алады.

Нұрдана Арипжанова,
Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» Ағылшын тілі оқытушысы:

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.