Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абай болыңыздар, темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ!

0 278

Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ. Әрбір адам темір жолда жүру өмірге және қозғалыс қауіпсіздігіне қауіпті екендігін білуі және есінен шығармауы тиіс. Абайсыздық және қамсыздық жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін.

Темір жолдан белгіленбеген жерлерден өтуге, жүріп келе жатқан пойыздың алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Пойыз бірден тоқтамайтындығын естен шығармау керек.

Темір жолдан өту үшін өтпе көпірлерін, жүргіншілерге арналған өтпелерді пайдаланыңыздар, белгілерге назар салыңыздар, берілген дыбыстық сигналдарды тыңдаңыздар.

Вагондардың төбесіне шығуға, баспалдақтар, өтпе алаңшалары және вагондардың тамбурларына мініп жүруге, вагондардың астынан өтуге үзілді-кесілді тыйым салынады.

Темір жолда электр тоғынан зардап шегу қаупі де өте жоғары. Сондықтан түйіспе желісі сымдарына оның конструкцияларына 2 метрден ары қашықтыққа жақындау адам өміріне қауіпті. Вагондардың, цистерналардың, жүктің үстіне шығуға болмайды.

Атқарылып жатқан ескерту шараларына қарамастан ағымдағы жылдың 7 айында Тараз темір жол станциясында 2 бөгде адам зардап шеккен. Олардың біреуі жолдан өту ережесін бұзып, ауыр дене жарақатын алса, ал екіншісі вагонның үстіне шығып, түйіспе желісінің электр тоғынан зардап шеккен.

Медет Қолдасов,
Тараз темір жол станциясының бастығы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.