Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басты мақсат – жағдайдың тұрақталуы

0 241

Карантин кезінде сақтық шараларын сақтай отырып жұмысын қайта жандандырған кәсіп иелері көп. Мұны мобильдік топтардың атқарған рейд жұмыстарынан байқауға болады. Халық көп жиылатын орындар туралы айтар болсақ, ең әуелі сауда орындары ойға оралады. Осы орайда өңір журналистері «Small» сауда орталығында санитарлық талаптардың қаншалықты сақталып жатқанын байқап қайтты.

Сәндібек Піренов, суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Сауда орталығының кіреберіс дәлізінде күзетшілер тұтынушылардың бетпердемен кіруін қадағалап тұр. Адамдардың көптігін кассадағы кезекке қарап білуге болады.

– Елдегі жағдайға байланысты ірі сауда орындарына ағылатын халықтың саны да артқандай. Бізде жұмыс уақыты таңғы 9:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қызметкерлердің барлығы сақтық шараларын сақтай отырып жұмыс жасауда. Тұрғындардан да соны талап етеміз. Ескертуді елемесе, жергілікті полиция қызметкерлерін де шақырамыз. Бірақ мұндай жағдайлар әлі тіркелмеді. Жұмысшылар күніне 3 рет бетперде ауыстырады. Дезинфекция жұмыстары да жүйелі жүргізіледі, – дейді дүкен меңгерушісі Әйгерім Байсейітова.

Жалпы дүкеннің ішінде тұрғындарға қолайлы орнатылған антисептик жеткілікті. Ел саулығы үшін тұрғындар да санитарлық нормаларды барынша қатаң сақтауда. Оның үстіне талапқа көнбегендер тек ескертумен ғана шектелмейтінін көпшілік біледі. Осыған қарап, жұқпалы індетпен күрес жұмыстары жақын арада оң нәтиже береді дегенге сенім білдіруге болатындай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.