Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-ке соққы

0 737

Коронавируспен күрес қала басшылығының тікелей бақылауында.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Айтқазы Қарабалаев Тараз саябақтары мен скверлеріндегі дезинфекциялық жұмыстардың барысын арнайы тексерді.

Бүкіл ел бойынша 5 шілдеден бастап күшейтілген карантиндік шаралар енгізілді, ал Жамбыл облысында оларға қосымша бірқатар шектеулер қабылданып, 6 шілдеден бастап күшіне енді.

Бүкіл ел бойынша 5 шілдеден бастап күшейтілген карантиндік шаралар енгізілді, ал Жамбыл облысында оларға қосымша бірқатар шектеулер қабылданып, 6 шілдеден бастап күшіне енді.

Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы бекіткен жаңа қаулыға сәйкес облыс орталығының тұрғындарына саябақтарға, скверлерге және жағалауларға баруға тек маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қана серуендеуге рұқсат берілді. Бұл орындарда достарымен және отбасымен серуендейтін халықтың көп шоғырлануын байқауға болады. Сондықтан дезинфекциялау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстардың барысын шаһар басшысы Айтқазы Қарабалаев арнайы тексерді.

– Облыс орталығының саябақтары мен скверлерін дезинфекциялау бойынша жаппай іс-шаралар жүргізілуде. Бұдан басқа, өңдеу бойынша жұмыстар адамдар көп жерлерде әкімдіктер мен ХҚКО-да, дәріханаларда жүргізіліп жатыр. Саябақтарда 35-ке жуық адам жұмыс істейді. Өңдеу уақыты кездейсоқ таңдалмаған, мұның бәрі демалыс күндері адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін жасалып отыр. Бұл уақытта қала тұрғындары карантиндік талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Тұрғындардың өтініші бойынша шағын аудандар мен автобус аялдамаларын дезинфекциялау үшін тағы 18 арнайы техника бөлінді, – деді қала басшысы.

Бүгінде бұқара халық екі тарапқа бөлінген. Бірі бұл дерттің барына әлі күнге дейін сенбейді. Ал бірі індетпен бетпе-бет келіп, әкімдікке карантин талабын күшейтуді өтініп жатыр. Кей тұрғындар карантиндік талаптарды мүлде ескеріп жатқан жоқ. Егер халық осындай кезеңде ауызбіршілік танытып, карантин талаптарын сақтаса, вирустың таралу дерегі азаяры анық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.