Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің №2 сәйкестік аудиті бөлімінің 2020 жылдың 1 – тоқсанындағы аудиторлық іс-шаралар қызметінің есебі.

0 427

№2 сәйкестік аудиті бөлімімен 2020 жылдың 1 – тоқсанында жоспардан тыс 10 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде                     3 нысан Ішкі мемлекеттік аудит Комитеттің тапсырмасы бойынша және                     7 нысан заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша осы 10 нысанда жалпы сомасы 4 321 180,9 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, атап айтқанда 310  448,9  мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар,                    4 010 732,0 мың теңгесі рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған.

Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 310  448,9  мың теңгеден қолданылған шаралар арқылы 6037,7 мың теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 1,9 пайызды құрады.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесімен мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар бойынша 3 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданған, 49 әкімшілік іс бойынша хаттама толтырылып –  5681,3 мың теңгеге айыппұл салынып, толығымен бюджетке құйылды.

Құқық қорғау органдарына 3 аудит материалдары жалпы сомасы 277 667,7 мың теңгеге берілді.

Бүгінгі таңда бұзушылықтарды қалпына келтіру, бюджет есебіне қайтару бойынша жұмыстар атқарылып, бұзушылықтарды  өндіру бойынша сот орындаушыларға материалдар берілген.

№2 сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маман- мемлекеттік аудиторы            

Айша Иматаева

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.