Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін мен болашақтың бедері

0 474

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» бойынша онлайн семинар-кеңес өтті.

Диляра ДАРХАН

Семинарды қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлназ Смәтілдаева жүргізді. Сонымен қатар облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Шынар Қашқынбек, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Жамбыл филиалының директоры Асқар Мыңбаев, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Еркебұлан Алтынбеков түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «ҚР мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысы», ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптар» №1 өзгеріс жобасы «ҚАЗАҚСТАН» жазуын латын графикасына ауыстыру бөлігіндегі өзгерістер және ҚР Мемлекеттік рәміздерінің стандарт талаптарын сақтау барысы туралы әңгіме өрбіді.

Аталған семинарға жоғары және арнаулы оқу орындарының, департаменттер мен басқармалардың, денсаулық сақтау, білім, спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларына қарасты мекемелердің, қалалық бөлімдер мен мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.

– Елтаңбаларды орналастыру және ауыстыру 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең болып белгіленді. Мәдениет және спорт министрлігі орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын кезең-кезеңімен ауыстыру мерзімдерінің кестесін ұсынып отыр. Атап айтқанда, орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар 2020 жылдың соңына дейін Мемлекеттік Елтаңба басшылардың кабинеттерінде, ғимараттар мен маңдайшаларда, Елтаңба бейнесін ақпараттық стендтерде және тағы басқа арнайы орындарда, 2021 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін мөрлерде және ресми құжаттарда толықтай ауыстырылуы тиіс. Осыған орай, мемлекеттік органдар мен ұйымдар 2020-2021 жылдарға арналған бюджетті нақтылау кезінде Елтаңбаларды сатып алуға қаражат көздерін қарастыру қажеттігін назарларыңызға жеткіземін, – деді өз сөзінде Гүлназ Смәтілдаева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.