Қалалық қоғамдық-саяси газет

Төл нышан төрден түспесін!

0 164

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні.
Тіршілік атаулының құны шексіз, бағасы теңдессіз. Сол сияқты біздің мемлекеттің де құжаты, құны, бағасы бар. Ол – мемлекеттік рәміздер. Рәміздер халықтың рухын, ой-өрісінің кеңдігін, ұлттық санасын, қаhармандығын, кешеге деген алғысы мен ертеңге деген үмітін, арман-тілегін жеткізеді.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Тұнық аспан әлеміндей көк тудың желбірегені – елімнің асқақтығы, мызғымас мықтылығы, өрлігі, ерлігі. Елтаңба – шаңырақтың шаттығы, ондағы тұлпар – тұяғының бүтіндігі, күн – отымыздың сөнбегені, рухымыздың өлмегені. Қазақтай дала дүлдүлі қанатты тұлпар – арманның асқағы. Оған жүректің дүрсіліндей Әнұранды қосыңыз. Міне, осының бәрі – елімнің ертеңінің құны.

Беделі асқан қазақтың абыройын мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту арқылы асқақтатамыз, биікке көтереміз, тұғырын нықтап бекітеміз.

Ежелден еркіндік аңсаған ел тәуелсіздікке қол жеткізіп, басына бақ қондырды. Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашаққа бет алған егемен елдің ертеңі үшін ерекше қажет. Елінің жыры болып төгілетін ері мен гүлі болып егілетін қызы, абыройын асыратын қария қазынасы мен ардақты анасы, аяулы баласына дейін Әнұранды әуелете шырқап, «Туған жерім менің – Қазақстаным» деп елжіреп тұрады. Ең ыстық ықылас жүректе туады. Біздің рәміздеріміз де жүректен жүрекке жетіп тұр. Мәңгілік болғай!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.