Қалалық қоғамдық-саяси газет

Озық бағдарлама сот жүйесін жаңғыртады.

0 193

Бүгінгі таңда сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында үлен жұмыстар атқарылуда. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды болып табылады. Бұл ретте, судьялардың тәуелсіздігі мен мәртебесі елімізде заң жүзінде белгілендігін атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

Бүгінгі таңда, республика бойынша барлық сот отырысы залы бейне-дыбыс жазу құрылғыларымен 100% қамтамасыз етілген. Бұл сот хатшыларына біршама жеңілдік беретіндігі рас.  2014 жылдың 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылған болатын. Аталған сервистер арқылы талап қою арызын, тиісті құжаттарды, бұдан бөлек қаралып жатқан қандай да бір істі электрондық түрде жолдап, қарауға болады.

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар аясында Қазақстан Республикасы сот органдарында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық – талдау жүйесі «ТӨРЕЛІК» бағдарламасы енгізілген, бұл жүйе арқылы сот ісін жүргізу электрондық тәсілмен жүргізіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында сот жүйесі алдына бірқатар тапсыр­малар қойды. Сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру, халықпен тиімді кері байланыс орнату, заңды тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізу сияқты басым бағыттар «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасында бекітілді.

        Аталған өзгерістердің барлығы дерлік сот жүйесін жаңа сатыға көтеріп, судьялар корпусы алдында үлкен міндеттемелер қояды.

Тараз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясы,

Д.Б.Дуанбеков

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.