Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматқа да шұғыл медициналық көмек көрсетіледі

0 23

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да шұғыл медициналық көмек ала алады. Өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы хабарлайды.

ТМККК пакетіне жедел медициналық жәрдем шақыру, жарақаттар, күйіктер және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде көмек көрсету кіреді. Қажетті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда шұғыл операциялар да жасалады.

Осылайша, шұғыл медициналық көмек алу үшін азаматтың МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесінің болуы міндетті емес. Денсаулығына немесе өміріне қауіп төнген жағдайда медициналық көмекке дереу жүгіну қажет.

Ал МӘМС жүйесі аясында бейінді мамандардың консультациялары, диагностикалық зерттеулер, жоспарлы операциялар және медициналық оңалту сияқты қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтерді алу үшін азаматтың сақтандырылған мәртебесі болуы және тиісті медициналық көрсетілімдердің болуы талап етіледі.

Сондықтан азаматтарға шұғыл және жоспарлы медициналық көмектің айырмашылығын білу, сондай-ақ жоспарлы ем мен тексеруден өту үшін МӘМС жүйесіндегі мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.