Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қазан күні «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындады.
Биыл сайлау процесіне байланыс- ты бірқатар маңызды шара өткізілгені белгілі. Жуырда ғана Құрылтай депутаттарының сайлауы өтсе, наурызда ел азаматтары республикалық референдумда жаңа Конституцияны қабылдау туралы тарихи таңдау жасады. Ендігі кезекте халық мәслихаттар депутаттарын сайлайды. Аталмыш маңызды сая- си науқанға тыңғылықты дайындық қажет. Осыған байланысты кеше Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Жиынға комиссия төрағасы Уәлихан Байдуанов, комиссия мүшелері, Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы Медеу Оспанбеков, Әулиеата ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Мыңбаев, Жібек жолы ауданы әкімі аппаратының басшысы Лаура Бердиярова мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс күн тәртібіне сәйкес, У.Байдуанов комиссия мүшелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Қазақстан Респуб- ликасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысымен таныстырды. Сонымен қатар комиссиялардың құрамдары, округтер, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабардар ету мәселесі ортаға салынды.
Келесі кезекте Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арын Асқарбеков Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар комиссия мүшелері учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін белгілеу мәселесін қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Айта кетейік, Қазақстан Респуб- ликасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Партия- лық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін аяқталуға тиіс. Сайлау алдындағы үгіт 1 қараша күні сағат 18:00-де басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. 28 қараша – тыныштық күні. Сайлау күні дауыс беру учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Жаннұр МУХАНОВА