Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының Шу ауданында баспанаға мұқтаж 26 азаматқа жаңа пәтерлердің кілті табысталды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы, ақсақалдар мен аудан тұрғындары қатысты.
Жаңа баспанаға ие болған отбасылар үшін бұл – көптен күткен қуанышты сәт. Пәтер кілттерін табыстау рәсімі мерекелік көңіл күймен өтіп, тұрғындар ізгі тілектерін білдірді.
Айта кетейік, тұрғындарды баспанамен қамту – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Жаңа қоныс иелерін қуанышымен құттықтаймыз! Әр шаңырақта шаттық пен береке орнасын!