Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда 2 мың орындық мектептің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары аяқталды

0 22

Тараз қаласының «Ұлы дала» шағынауданында 2 мың оқушыға арналған мектептің сыртқы инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары аяқталды.

Қазіргі таңда мектеп жұмыс істеп тұр, онда балалар білім алуда. Жеке инфрақұрылымдық жоба аясында білім беру нысаны қажетті инженерлік коммуникациялармен толық қамтамасыз етілді. Электр желісіне, интернетке, сыртқы сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне, сондай-ақ газ желісіне қосу жұмыстары орындалды.

Сонымен қатар мектепке кіреберіс көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары толық аяқталды. Оқу орнына апаратын ұзындығы 1,9 шақырым кіреберіс жол салынып, асфальт төселді.

Бүгінде жоба аясында қарастырылған барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары толық орындалды. Қазіргі уақытта инженерлік және көлік инфрақұрылымын белгіленген тәртіппен қабылдау рәсімі жүргізілуде.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын «СтройМонтажGroup» ЖШС орындады. Жұмыстардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық және авторлық қадағалау жүргізілді.

Жобаның іске асырылуы қолданыстағы мектепті қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етіп, оқушылар, педагогтер және «Ұлы Дала» шағын ауданының тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.