Тараз қаласындағы «Korzinka» сауда үйінде «Денсаулық аралы» акциясы өтті. Іс-шараны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы қалалық №2 емханамен бірлесіп ұйымдастырды.
Акция барысында 200-ден астам тұрғын тегін медициналық кеңес алды. Мамандар азаматтарға аурулардың алдын алу бойынша кеңес беріп, қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін анықтады.
Сонымен қатар тұрғындарға медициналық ұсыныстар беріліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне және медициналық көмекті алу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарына жауап берілді.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру, аурулардың алдын алу және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру.