Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the publisher domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/z-taraz.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6170
ҚҚДИ зерттеуі: қазақстандықтардың 86,7%-ы Президентке сенім білдіреді – "Jambyl-Taraz"
Deprecated: Function WP_Dependencies->add_data() was called with an argument that is deprecated since version 6.9.0! IE conditional comments are ignored by all supported browsers. in /var/www/vhosts/z-taraz.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6170
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

ҚҚДИ зерттеуі: қазақстандықтардың 86,7%-ы Президентке сенім білдіреді

0 25

Қазақстандықтардың басым бөлігі негізгі мемлекеттік институттарға сенім білдіреді және елдегі жағдайды оң бағалайды. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген 2026 жылдың III тоқсанындағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары зерттеуінің нәтижелерімен расталады.

Ел Президентіне деген сенім деңгейі өсіп келеді – 86,7%. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 3 пайыздық тармаққа өсті.

Сенімнің жоғары деңгейі негізінен енгізіліп жатқан өзгерістердің ұдайы қоғам назарында болуымен байланысты. Респонденттердің 65,8%-ы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын алып тұрады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар бастамалары, оның ішінде өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтылып, қазіргі уақытта іс жүзінде іске асырылып жатқан бастамалары азаматтар тарапынан қолдау тауып отыр.

Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша ең көп қолдау тапқан үш бастаманың қатарына бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға арналған қаражатты есептеу және пайдалану бастамалары кірді.

Технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым саласындағы, сондай-ақ «Таза Қазақстан» аясында іске асырылатын бастамалар айтарлықтай қоғамдық қызығушылық тудырып отыр.

Осылайша, қолдаудың жоғары деңгейі ел дамуының жалпы бағытына ғана емес, институционалдық құрылымға, жаңа технологияларға, адами капиталға және азаматтардың өмір сүру сапасына қатысты нақты шешімдерге де қатысты болып отыр.

Жалпы алғанда, III тоқсанның нәтижелері мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейінің тұрақты сақталғанын және елдегі ахуалдың негізінен оң қабылданатынын көрсетеді.

Сауалнама 31 шілде мен 16 тамыз аралығында жүргізіліп, Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, елді мекен түрі және тұрғылықты өңірі бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме негізінде 2 400 респондентті қамтыды. Іріктеменің ең жоғары ауытқу шегі 95% сенімділік ықтималдығында ±2%-дан аспайды.

kipd.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.