Ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – Құрылтай оқиғалардың бірі – Құрылтай сайлауы өткен күні Тараз қаласында 20 сәби дүниеге келді. сында 20 сәби дүниеге келді. Бұл – ел болашағы үшін ай-Бұл – ел болашағы үшін айрықша мәні бар күнге ерекше рықша мәні бар күнге ерекше жылылық пен қуаныш сыйлаған жылылық пен қуаныш сыйлаған жаңалық. жаңалық.
Сайлау күні дүние есігін ашқан 20 нəрестенің əрқайсысы – бір отбасының көптен күткен қуанышы, ата-анасының жүрегіне жылу сыйлаған өмірдің жаңа бастауы. Олардың өмірге келуі елдегі маңызды қоғамдық оқиғамен тұспа-тұс келіп, символдық мəнге ие болды.
Перзентхана мамандары ана мен бала денсаулығын жіті бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмекті көрсетуде.
Қазақ халқында дүниеге келген əрбір сəбидің өмірге келуі – үлкен қуаныш, ақжолтай жаңалық саналады. «Балалы үй – базар» деген халқымыз үшін ұрпақ өсіру, отбасын нығайту жəне келешекке сеніммен қарау қашанда маңызды құндылық болған.
Ал елдің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы күнінде дүниеге келген бұл сəбилердің өмір жолы енді жаңа кезеңмен бірге басталмақ. Бүгін оларды ата-анасы құшағына алып, ақ бесікке бөлесе, олар ертең елдің дамуына өз үлесін қосар азамат болып қалыптасатыны сөзсіз.
Əрбір нəрестенің өмірге келуі – бейбіт күннің, берекелі шаңырақтың жəне жарқын болашаққа деген сенімнің көрінісі.