Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ардагер журналист Бекет Момынқұл Құрылтай сайлауына қатыста

0 24

Журналистика саласының ардагері, белгілі қаламгер Бекет Момынқұл бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, №462 учаскеде азаматтық таңдауын жасады.

Қаламгер үшін ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Себебі сайлау – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіріп, қоғамдық дамудың бағыт-бағдарын айқындауға атсалысатын маңызды үдеріс.

Бекет Момынқұл – саналы ғұмырын журналистика мен шығармашылыққа арнап, елдің әлеуметтік-рухани өмірін қаламымен зерделеп келе жатқан қаламгер. Ол ұзақ жылдар бойы бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп, журналистиканың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Бекет Әбілдаұлы дауыс бергеннен кейін елдегі маңызды саяси науқанға әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамның дамуы мен елдің келешегі халықтың азаматтық белсенділігіне де тікелей байланысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.