Тараз қаласында өтіп жатқан Құрылтай сайлауында түрлі сала өкілдері белсенділік танытып, өз азаматтық позицияларын білдіру үшін учаскелерге ағылып жатыр. Солардың қатарында өндіріс, кәсіпорын саласының қызметкерлері мен жұмысшылары да бар.

Мәселен, «Жамбылремсервис» ЖШС қызметкерлері облыс орталығындағы №12 сайлау учаскесіне бірге келіп, ұжымдық ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, сайлаудағы өз таңдауларын бірге жасады.
Осылайша кәсіпорын қызметкерлері ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық жауапкершіліктерін танытты.

«Жамбылремсервис» ЖШС ұжымының өкілдері мұндай маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азаматтың пікірі маңызды екенін айтады. Сондықтан өндіріс мамандары сайлауға қатысуды ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі деп санайды.
Айта кетейік, №12 сайлау учаскесінде жалпы саны 1 681 сайлаушы тіркелген. Азаматтар маңызды науқанда белсенділік танытып, түске дейін 30 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген.
