Акцияның мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, ел болашағына деген жауапкершілігін көрсету.
Көк Ту көтерген жастар сайлау учаскесіне ерекше көңіл-күй сыйлап, отансүйгіштік рухты насихаттады.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауында дауыс беру еліміз бойынша және шетелдегі өкілдіктерде ашылған жалпы 10 423 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады. Оның ішінде әлемнің 61 шет мемлекетіндегі Қазақстан өкілдіктері жанынан 79 учаске жұмыс істейтін болады.