Бүгін елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауына спорт саласының белгілі өкілдері де белсенді қатысып жатыр.
Солардың бірі – бокстан әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Асланбек Шымбергенов №48 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады.
Әлемдік аренада Қазақстанның көк туын көкке көтеріп, ел абыройын асқақтатқан спортшы ел болашағына қатысты маңызды шешімге осылай өз үлесін қосты.
Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел өміріне араласуының маңызды көріністерінің бірі. Осы ретте танымал спортшының дауыс беруі де қоғамдағы азаматтық белсенділіктің маңызын айқындай түсері сөзсіз.
Асланбек Шымбергенов өз кезегінде елдің жарқын болашағы мен тұрақты дамуына бағытталған бастамалардың жемісті жүзеге асуына тілектестік білдірді.