Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда шалғай алқаптарға тегін автобустар ұйымдастырылды

0 18

Таразда Құрылтай депутаттарының сайлауына шалғай алқаптарда тұратын тұрғындардың да белсенді қатысуына барлық мүмкіндік жасалуда.

Атап айтқанда, азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз барып, өз таңдауын жасауын қамтамасыз ету мақсатында арнайы 94 автобус бөлінді.

Қоғамдық көліктер шалғай алқаптардан тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін жеткізуде. Бұл бастама әсіресе қала орталығынан қашық орналасқан аумақ тұрғындары үшін айтарлықтай қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

Автобустар белгіленген бағыттар бойынша қатынап, тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне уақытылы жетуіне мүмкіндік беруде.

Шалғай алқап тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуы – олардың қоғамдық-саяси үдерістерге деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Тегін көлікпен қамтамасыз ету азаматтардың дауыс беру мүмкіндігін кеңейтіп, сайлау процесінің қолжетімді әрі ашық өтуіне ықпал етуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.