Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

№58 сайлау учаскесінде «Асыл ана» ансамблі өнер көрсетті

0 28

Бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауына орай №58 сайлау учаскесінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мәдени шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Асыл ана» вокалдық ансамблінің мүшелері әсем әндерін орындап, сайлаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Әуезді әндер мен әсерлі орындаулар сайлау учаскесіндегі ерекше атмосфераны қалыптастырып, тұрғындардың көңілінен шықты.

Ұлттық өнерді дәріптеп, елдің қоғамдық өміріне белсенді араласқан өнерпаз аналар тұрғындарға ақжарма тілектерін жеткізді.

Сайлау күні осындай мәдени шаралардың ұйымдастырылуы тұрғындардың белсенділігіне серпін беріп, маңызды саяси науқанның мазмұнын айшықтай түсті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.