Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.
Осыған орай ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, қоғам қайраткері Бекболат Орынбеков №24 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
Бекболат Серікбекұлы бұл сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, азаматтарды өз таңдауын жасауға шақырды.
Құрылтай депутаттарын сайлау – қоғамның әр азаматына елдің қоғамдық-саяси өміріне өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін маңызды науқан. Әрбір берілген дауыс – мемлекетіміздің келешегіне деген жауапкершіліктің көрінісі.
№24 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар таңсәріден келіп өз таңдауларын жасап жатыр.