Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Құрылтай – қоғамдық келісім мен ұлттық дамудың маңызды тетігі

0 29

Құрылтайдың басты ерекшелігі – әртүрлі көзқарастар мен ұсыныстарды тоғыстырып, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік беруінде. Бұл халықтың пікірін ескеруге, қоғамдағы өзекті түйткілдерді дер кезінде анықтауға және оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынуға жағдай жасайды. Бүгінде Құрылтай жаңа мазмұнға ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық пікір алмасудың маңызды алаңына айналды. Мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық құндылықтарды сақтау, мәдениет пен білім саласын жетілдіру сияқты өзекті мәселелер қарастырылады.
Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуда Құрылтайдың рөлі ерекше. Оның жұмысы елдің тұрақты дамуына, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Сондықтан Құрылтай қазіргі Қазақстанның өркендеуіне қызмет ететін маңызды қоғамдық институт. Ол халықтың үнін жеткізіп, елдің болашағын айқындауға үлес қосатын тиімді диалог алаңы болып қала береді.

Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ, 
қоғам қайраткері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.