Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі
12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.
?«Әділет» партиясы – Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
?ЖСДП – Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
?«Байтақ» партиясы – Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
?Қазақстан Халық партиясы – Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
?«Ауыл» партиясы – Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
?«Ақ жол» партиясы – Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
?Respublica партиясы – Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.
Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.
? Көрермен назарына:
• сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
• тікелей эфирде келіп түскен ең өткірсұрақтарға жауаптар;
• дебатқа қатысушылардың пікірі бойыншасайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
• партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.
▶️ Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.
?️ Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.
?? Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.