Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қоғам үні мен мемлекеттік шешімдердің арасындағы сабақтастық

0 21

Мемлекеттік басқарудың басты міндеттерінің бірі – қоғамда қалыптасып отырған сұраныстарды дер кезінде анықтап, оларды нақты шешімдерге айналдыра білу. Бұл үдерісте билік пен азаматтар арасындағы тұрақты диалогтың орны ерекше.

Құрылтайдың жаңа жүйедегі қызметі де осындай байланыстың сапасына тікелей қатысты болады. Себебі заң шығару – тек құқықтық нормаларды қабылдау процесі емес, қоғамдағы нақты мәселелерді мемлекеттік деңгейде шешудің тетігі.

Әр өңірдің, әр әлеуметтік топтың өзіне тән мәселелері бар. Бір жерде инфрақұрылым мен жұмыспен қамту маңызды болса, енді бір жерде білім, денсаулық сақтау немесе кәсіпкерлік мәселесі өзекті болуы мүмкін. Олардың барлығын бірдей заңнамалық шешіммен реттеу мүмкін емес.Сондықтан депутаттың негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдағы түрлі пікірлерді ести білу және оларды заң шығару жұмысына сауатты түрде енгізу.

Бұл жерде халықпен кездесу өткізудің өзі жеткіліксіз. Кері байланыстың нәтижесі нақты жұмысқа ұласуы қажет. Азамат көтерген мәселе талданып, оның шешу жолы айқындалып, тиісті мемлекеттік органға ұсыныс ретінде жолдануы немесе заңнамалық реттеуді қажет етсе, тиісті деңгейде қаралуы маңызды.

Қазіргі ақпараттық қоғамда бұл үдерістің мүмкіндіктері де кеңейді. Электронды өтініштер, қоғамдық талқылаулар, онлайн платформалар және цифрлық коммуникация арналары азаматтардың пікірін жедел жеткізуге мүмкіндік береді.Алайда ақпараттың көп болуы оның сапасын автоматты түрде арттырмайды. Қоғамдық пікірді зерделеу кезінде нақты дерек пен эмоциялық реакцияның аражігін ажырата білу де маңызды.

Жаңа Құрылтай осы тұрғыдан алғанда қоғамның әртүрлі сұраныстарын бір заң шығару алаңында тоғыстыратын институт болуы тиіс.

Билік пен қоғам арасындағы диалог біржақты байланыс болмағанда ғана нәтижелі. Мемлекеттік институттар қоғамды тыңдаса, қоғам өз кезегінде заң талаптарын, мемлекеттік мүмкіндіктер мен шешім қабылдау тәртібін түсінуге ұмтылады.

Осындай өзара түсіністік қалыптасқан жағдайда ғана қоғамдық сұраныс пен мемлекеттік шешімнің арасында берік сабақтастық орнайды.

Сәуле Түменбаева,

Талас аудандық аналар кенесінің мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.