Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

МӘМС: Тараз нейрохирургтері бірегей операция жасады

0 19

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында миының оң жақ маңдай-төбе аймағында үлкен көлемдегі ісік анықталған пациентке күрделі нейрохирургиялық операция жасалды.

Патология диагностикалық тексеру барысында анықталған. Қажетті зерттеулер жүргізіліп, бейінді мамандардың консультациясынан кейін пациентті емдеудің әрі қарайғы тактикасы белгіленді. Науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді.

Бірегей хирургиялық араласуды тәжірибелі нейрохирургтерден құралған команда — Айтымбетов Нұржан Азимханұлы, Кеншілік Болат Бақытұлы және Нияз Ұлықбек Мәндібайұлы жасады.

Мұндай күрделі операцияларды орындау мамандардың жоғары біліктілігін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды және бүкіл хирургиялық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді. Күрделі хирургиялық араласудың сәтті орындалуы заманауи нейрохирургияның мүмкіндіктерін және Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы мамандарының жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.

Операцияның МӘМС жүйесі шеңберінде жасалуының маңызы зор. Пациент қажетті мамандандырылған медициналық көмекті сақтандыру жүйесі арқылы алды.

Бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтарға консультациялық-диагностикалық қызметтермен қатар, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмектің күрделі түрлерін де алуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.