Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі – азаматтардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік кепілдік.
Осы мүмкіндіктің игілігін көргендердің бірі – Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Гүлсабира Дстанова. Оған МӘМС аясында тізе буынына артроскопиялық операция жасалды.
Науқасқа тізе буынының 3–4 дәрежелі гонартрозы диагнозы қойылған. Аурудың салдарынан оның қозғалысы шектеліп, күнделікті өміріне едәуір қиындық туғызған.
Травматолог дәрігер Дәурен Идеевтің айтуынша, заманауи медициналық әдістерді қолдана отырып жүргізілген операцияның мақсаты – науқастың қозғалыс белсенділігін қалпына келтіріп, өмір сапасын жақсарту.
Қазіргі таңда Гүлсабира Дстанованың жағдайы жақсы. Ол көрсетілген медициналық көмекке ризашылығын білдіріп, дәрігерлер мен аурухана ұжымына алғыс айтты.
«Маған қажетті операцияның МӘМС аясында жасалғанына өте қуаныштымын. Дәрігерлерге және аурухана ұжымына үлкен рақмет! Денсаулығымды қалпына келтіруге мүмкіндік берген МӘМС жүйесіне алғысым шексіз», – дейді Гүлсабира Дстанова.
Бұл оқиға – МӘМС жүйесінің азаматтардың денсаулығын сақтауға және өмір сапасын арттыруға қосып отырған нақты үлесінің жарқын көрінісі.