Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

МӘМС арқылы жекеменшік клиникада тегін ем алу мүмкіндігі

0 16

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеннен бері азаматтар медициналық көмекті тек мемлекеттік емханаларда ғана емес, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізіміне енгізілген жекеменшік медициналық ұйымдарда да тегін ала алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының хабарлауынша, егер пациент тіркелген емханада қажетті бейіндегі дәрігер болмаса, диагностикалық жабдық жеткіліксіз болса, маманның қабылдауына ұзақ кезек қалыптасса, дәрігер еңбек демалысында болса немесе медициналық жабдық уақытша жұмыс істемесе, емдеуші дәрігер пациентті МӘМС аясында басқа медициналық ұйымға жолдай алады.

Сондай-ақ жоспарлы ота қажет болған жағдайда пациент Қордың жеткізушілер тізіміне енген жекеменшік клиникаға жолдама алып, операцияны МӘМС шеңберінде тегін жасата алады.

Осындай медициналық ұйымдардың бірі – «Эскулап» емдеу орталығы. Мұнда жолдама мен медициналық көрсетілім болған жағдайда МӘМС аясында тегін мынадай қызметтер көрсетіледі:

бейінді мамандардың консультациялары;
зертханалық және диагностикалық тексерулер;
жоспарлы стационарлық ем;
хирургиялық операциялар және операциядан кейінгі бақылау;
гинекологиялық және хирургиялық оталар;
лапароскопиялық және гистероскопиялық операциялар;
миома, киста, полип және басқа да ауруларды емдеу.

«Эскулап» емдеу орталығында ем алған пациенттер дәрігерлердің кәсіби біліктілігін, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын және медицина қызметкерлерінің ілтипатты қарым-қатынасын жоғары бағалап келеді.

Еске сала кетейік, жоғарыда аталған медициналық қызметтердің барлығы дәрігердің жолдамасы мен медициналық көрсетілім болған жағдайда МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.