Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қайтарылған активтер есебінен 20 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды

0 11

Жамбыл облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жалғасуда.
Арнайы мемлекеттік қордан облыстың денсаулық сақтау және сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Бүгінде көптен күткен Қордай, Талас және Меркі аудандарында 2 жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, 1 аурухана күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді.
Соның нәтижесінде 85 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде шалғай ауылдардағы 5 мыңға жуық адам сапалы медициналық көмек алуда.
Мысалы, өткен жылы Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр, Сұлутөр және Көктөбе ауылдарына жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.
Бұған дейін тұрғындар 1960 жылы салынған ескі ғимаратта ем қабылдап келген.
Қыста қатынауы қиын бұл ауылдардың 3 мыңға жуық тұрғын енді аудан орталығына бармай-ақ, заманауи медициналық қызмет алып отыр.
Сонымен қатар облыста 15 ауыз су нысанының құрылысы аяқталып, Тараз қаласы мен 7 ауданның 28 мың тұрғыны (Жамбыл, Байзақ, Талас, Шу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Қордай аудандары)сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Былтыр Талас ауданындағы Қараой ауылында 90 жыл бойы болмаған ауыз су құбыры тартылды.
Қазіргі таңда тағы 8 ауыз су жобасы мен 2 медициналық нысанның құрылысы жалғасуда.
Соның бірі – Қарасай батыр ауылындағы жаңа ауыз су жүйесі.
Жобаның жалпы құны шамамен 2,5 млрд теңге болса, оның 1,9 млрд теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.
Жоба аяқталған соң ауылдың 2,5 мыңға жуық тұрғыны сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтылады.
Барлық нысандардың құрылысы мен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.