Құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтатын, елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, ортақ шешімдер қабылдауға ықпал ететін қоғамдық институт.
Құрылтай сайлауы – жауапкершілігі жоғары қоғамдық-саяси үдеріс. Оның негізгі мақсаты – қоғамның түрлі саласының мүддесін білдіретін, белсенді азаматтық ұстанымы бар және ел игілігі жолында қызмет етуге дайын азаматтарды іріктеу.
Құрылтай мүшелері қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдауға, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге өз үлесін қосады. Бұл – халықтың үні естілетін, ашықтық пен өзара сенімге негізделген тиімді диалогтың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Құрылтай сайлауы – тек өкілдерді таңдау ғана емес, қоғамның дамуына, елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды қадам. Сондықтан Құрылтайдың сапалы құрамы ел игілігіне бағытталған бастамалардың жүзеге асуына және қоғамдық мүдденің тиімді қорғалуына негіз болады.