Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«111» және «116-16» – әр баланың білуі тиіс сенім телефондары

0 17

Әрбір бала өзін қауіпсіз сезінуге құқылы. Кейде өмірде қиын жағдайлар кездесуі мүмкін: үйдегі түсініспеушілік, мектептегі буллинг, қорқыту, зорлық-зомбылық немесе жай ғана ішкі жан дүниеңді мазалайтын мәселелер. Осындай кезде жалғыз қалмай, көмек сұрау өте маңызды.
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау және оларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «111» балаларға арналған сенім телефоны жұмыс істейді. Бұл қызметке хабарласқан әрбір бала өз мәселесін еркін айтып, білікті мамандардың кеңесін ала алады. Қажет болған жағдайда тиісті мекемелер арқылы көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, «116-16» жалпы сенім телефоны да азаматтардың құқықтық және психологиялық көмек алуына мүмкіндік береді. Мамандар өтініштерді тыңдап, қажетті бағыт-бағдар береді.
Егер:
үйде немесе мектепте қиындыққа тап болсаң;
біреу саған қысым көрсетсе немесе қорқытса;
интернетте қауіпке кезіксең;
өзіңді жалғыз сезініп, қолдау қажет болса,
үндемей қалма! «111» немесе «116-16» нөмірлеріне хабарлас. Сенің мәселеңе бейжай қарамайтын мамандар әрқашан көмектесуге дайын.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға сенім телефондарының бар екенін түсіндіріп, қиын жағдайда көмек сұраудан қорықпауға үйретіңіздер. Баланың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Есте сақта! Көмек сұрау – әлсіздік емес, өзіңді қорғаудың ең дұрыс жолы. «111» және «116-16» – қиын сәтте әрдайым жаныңнан табылатын сенімді қолдау.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.