Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Азаматтар құқығы – басты құндылық

0 20

2025 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, құқықтық базаны нығайту, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.

2024 жылмен салыстырғанда өтініштер санының шамамен 50%-ға артуы және құжат айналымының өсуі азаматтардың құқықтық белсенділігінің артқанын және Омбудсменнің қолжетімділігін айғақтайды, сонымен қатар құқықтарды қорғауда кездесетін проблемаларды көрсетеді. Қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, адам құқықтары мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралар еліміздің құқық қорғау инфрақұрылымын одан әрі нығайтуға негіз болды.        Сонымен қатар, қылмыстық процесс шеңберінде құқықтарды қорғау тетіктерін жетілдіруді және құқық бұзушылық құрбандарына өтемақы жүйесін дамытуды қоса алғанда, кешенді тәсілді талап ететін мәселелер сақталуда. Халықаралық стандарттарды сақтаудың маңыздылығын және Қазақстанның жаһандық құқық қорғау бастамаларына белсенді қатысуын ескере отырып, Уәкілдің одан әрі қызметі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды тереңдетуге, сондай-ақ осы баяндамада ұсынылған ұсынымдарды іске асыруға бағытталатын болады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілету мақсатында біз мынадай ҰСЫНЫМДАРДЫ әзірледік: ҚР БП, ҚР ІІМ, ҚР ӘМ: 1) тергеудегілер мен сотталғандардың қатысуымен болатын барлық іс жүргізу әрекеттерін міндетті түрде аудио- және бейнетіркеуді нормативтік тұрғыдан бекіту; 2) тәртіптік жазаларды қолдану туралы, соның ішінде ТИЗО-ға қамау және жалғыз адамдық камераларға ауыстыру туралы шешімдер қабылдау өкілеттіктерін сотқа беру; 3) ҰАТ қатысушыларына мекемелер әкімшілігінің рұқсатынсыз мониторингтік барулар шеңберінде фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыру құқығын беру мәселелерін қарастыру. ҚР БП, ҚР ІІМ: 1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері н жаңғырту, оның ішінде жаңа мультирежимді нысандар салу арқылы жүзеге асыру; 2) пенитенциарлық жүйенің, құқық қорғау және арнайы органдардың барлық мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау жүйесінің үздіксіз жұмысын бақылауды қамтамасыз ету; 3) сотталғандардың өтініш беру терминалдарының жұмыс істеуін шектеу фактілеріне жол бермеу, оларды тікелей Адам құқықтары жөніндегі уәкілге 219 жіберу үшін «E-otinish» АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмысты аяқтау бойынша бұдан әрі шаралар қабылдау. ҚР ДСМ, ҚР ІІМ: 1) ҚАЖ мекемелерінде күндізгі стационарлар ашу; 2) сотталған әйелдерді, оның ішінде жүкті әйелдерді және жас балалары бар әйелдерді ұстау жағдайларын жақсарту, жеке пайдалануға рұқсат етілген заттардың тізбесін кеңейту, жолығысу, сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар санын көбейту; 3)ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын сотталған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық қызмет көрсету мәселесін пысықтау бойынша келесі шараларды қабылдау. ҚР ДСМ (Қызылорда облысына басымдық бере отырып) медициналық көмектің сапасына, соның ішінде медицина қызметкерлерінің пациенттердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттері фактілері бойынша бақылауды күшейту. ҒЖБМ, ІІМ ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын сотталғандардың жоғары білім алу құқығын іске асыруын қамтамасыз ету. ЖАО пенитенциарлық және арнайы режимдегі мекемелер жанындағы оқу ұйымдарының атауларына «түзеу мекемесі жанындағы», «девиантты мінез- құлықты», «айрықша ұстау режимі» деген тұжырымдарды алып тастай отырып, өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру. ҚО гауптвахтаға қамалған әскери қызметшілердің қорғаушыларымен кездесулердің құпиялылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау. ҚР ОАМ, ҚР ІІМ, ЖАО кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және жөнінде шаралар қабылдау мақсатында өздерінің немесе асырап алған балаларына қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарды ата-аналық құқығынан айыру мәселесі бойынша құқық қолдану тәжірибесіне мониторинг жүргізу. ҚР ЕХӘҚМ, ЖАО: 1) техникалық оңалту құралдарын, оның ішінде есту процессорларын және өзге де қосалқы құрылғыларды уақтылы ауыстыруды және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; 2) Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының тұрғын үй-жайларын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету; 3) қолданыстағы уақыт шектеулерін қайта қараумен «Инватакси» қызметін көрсету тәртібін жетілдіру мәселесін қарау; 4) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін тегін тұрақ орындарын ұсыну мәселесін пысықтау. ҚР ІІМ: 1) сталкингке және некеге мәжбүрлеуге тыйым салу туралы заңнамалық нормалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету; 2) әйелдердің құқықтарын қорғау және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдауды жалғастыру ұсынылады.

Жылдық баяндаманың қорытындысы бойынша тұжырымдалған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдарына саналы және уақтылы қарау ерекше маңызға ие болады. 2024 жылғы баяндаманы қарау тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік органдардың Конституциялық заңда белгіленген үш ай ішінде қабылданған шаралар туралы Уәкілді хабардар ету міндетіне қарамастан, барлық адресаттар аталған норманың тиісінше орындалуын қамтамасыз етпеген. Бірқатар жағдайларда Омбудсмен кеңсесі ұсынымдарға ден қою және тиісті ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы қосымша, кейде бірнеше рет еске салуға мәжбүр болды. Бұл құқық қолдану практикасын жетілдіру және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды және жауапкершілікті одан әрі дамыту туралы мәселені өзектендіреді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.