Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Студенттер кәсіпорын жұмысымен танысты

0 70

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Запчасть» АҚ кәсіпорнында «Ашық есік күні» аясында Жамбыл индустриалдық-технологиялық колледжі студенттерімен экскурсия ұйымдастырылды.
Қатысушылар арматура зауытының жұмысымен танысып, өндіріс процесін өз көздерімен көрді. Кездесу барысында мамандар кәсіпорынның қызметі мен саланың болашағы туралы ақпарат беріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай іс-шаралар жас буынның мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, еңбек адамының мәртебесін насихаттауға ықпал етеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тараз Жастар Орталығы (@taraz_jastary)

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.