Жыл сайын осы уақытта балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезеңі қызу жүріп жатады. Биыл да солай. Себебі бала өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – мектеп табалдырығын алғаш аттау.
Осыған орай Тараз қаласының мемлекеттік мектептерінде 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда қала мектептеріне 4 077 бала қабылданды. Бұл – мыңдаған бүлдіршіннің жаңа білім әлеміне жасайтын алғашқы қадамы.
Бүгінде №1, №8, №24, №45 және №66 мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау аяқталды. Ал қалған білім беру ұйымдарында қабылдау жұмыстары жалғасуда.
Жауапты мекеме мамандары мектеп таңдауда алдын ала ақпарат алып, қажетті құжаттарды уақытылы тапсыруға шақырады.
«JT»-ақпарат