Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

МӘМС арқылы жекеменшік клиникаларда тегін емделуге болады

0 36

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі азаматтарға медициналық көмекті тек мемлекеттік емханаларда ғана емес, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізіміне енген жекеменшік клиникаларда да тегін алуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова мәлімдеді.

*Жолдама қандай жағдайда беріледі?*

Егер пациент тіркелген емханада қажетті медициналық қызметті ала алмаса, оған МӘМС аясында басқа медициналық ұйымға жолдама беріледі. Мұндай жағдайларға мыналар жатады:

қажетті бейінді маманның болмауы;
диагностикалық жабдықтың жеткіліксіздігі;
қабылдау кезегінің бірнеше айға созылуы;
дәрігердің еңбек демалысында болуы;
медициналық аппараттың уақытша істен шығуы.

Сондай-ақ, жоспарлы ота қажет болған жағдайда пациент Қордың жеткізушілер тізіміне енген жекеменшік клиникаға жолдама алып, операцияны МӘМС есебінен тегін жасата алады.

«Эскулап» емдеу орталығы қандай қызметтер көрсетеді?

Жамбыл облысында МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың бірі – «Эскулап» емдеу орталығы.

Дәрігердің жолдамасы мен медициналық көрсетілім болған жағдайда мұнда келесі қызметтер тегін ұсынылады:

бейінді мамандардың қабылдауы;
зертханалық және диагностикалық тексерулер;
жоспарлы ауруханаға жатқызу;
хирургиялық оталар және отадан кейінгі бақылау;
гинекологиялық операциялар;
лапароскопия және гистероскопия;
миома, киста, полип және басқа да ауруларды емдеу.
Сапалы медициналық көмек – әрбір сақтандырылған азамат үшін қолжетімді

«Эскулап» емдеу орталығында ем қабылдаған пациенттер дәрігерлердің кәсіби біліктілігіне, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына және медицина қызметкерлерінің жанашыр қарым-қатынасына жоғары баға беруде.

Ескерту: Жоғарыда аталған қызметтердің барлығы дәрігердің жолдамасы және медициналық көрсетілім болған жағдайда МӘМС аясында тегін көрсетіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.