Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №255 Жарлығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын іске асыру мақсатында мемлекеттік басқаруды жетілдіру және жастар үшін әлеуметтік лифтті жақсартуға бағытталған кезекті жоба іске қосылды.
Өңірлік кадр резерві 2024 жылдың тамыз айында Жамбыл облысының кадр комиссиясымен (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырылған.
– Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін, өңірлік резервке іріктелетін кандидаттардың санын, нақты салалық бағыттарын облыстағы экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту басымдықтарын ескере отырып Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісімімен Комиссия айқындады.
Өңірлік резервке іріктеуге жоғары білімі және кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, отыз бес жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты.
Іріктеу бірқатар кезеңдерді қамтыды. Атап айтсақ:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау (барлығы 478 адам құжат тапсырды);
2) заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу;
3) уәкілетті органмен жүргізілетін құзыреттерді бағалау
Кандидаттарды құзыреттерін бағалау кезеңі Астана қаласындағы Академия базасында офлайн форматта өткізілді.
Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік) анықтауға және бағалауға бағытталып, топтық және жеке тапсырмаларды қамтыды, олардың барысында кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылады. Ассессмент орталығының бағалау рәсімдерінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылды. Бұл кезеңнен 39 кандидат іріктеліп алынып, құрылымдық сұхбатқа жіберілді.
4) комиссиядағы құрылымдық сұхбат
Сұхбат кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында жүргізілді.
Презентацияға әр кандидатқа 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт аралығында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, мүмкін болу проблемаларын, күтілетін нәтижелерін ашып көрсетті.
5) комиссия отырысында кандидатураларды қарастыру арқылы Өңірлік резервке іріктеу
2024 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысының кадр комиссиясының қорытынды отырысында 25 кандидатты өңірлік резервке қабылдау туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, 1 резервші Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» № 141 Жарлығының талаптарына сәйкес, іріктеуден тыс негізінде өңірлік резервке қабылданған.
Резервке іріктелген жастар өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік алды.
Өңірлік кадр резервінде болу мерзімі екі жылды құрайды,
Сондай-ақ резервшілер өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың бос мен лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша конкурстан тыс негізде тағайындала алады.
Жамбыл облысы бойынша департаменті өңірлік кадр резервіне іріктелген 26 мүшесінің бүгінгі күнге мемлекеттік қызметке 15 резервшісі тағайындау алған.
Сонымен қатар бос басшылық лауазымдар орын алған кезде, бірінші кезекте қалған өңірлік кадр резервшілердің біліктілігі бойынша сәйкестігі қаралып, оларға қызмет ұсыну жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.