Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Кішкентай оқырмандар Қарасай петроглифтеріне экспедиция жасады

0 29

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана – тарихқа бастар жол» жобасы аясында Қарасай петроглифтеріне танымдық экспедиция өтті.

Жобаның мақсаты – жас ұрпақтың туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына қызығушылығын арттыру, оны зерттеу мен құрметтеуге баулу.

Іс-шара барысында қатысушыларға бағыт-бағдар мен қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, Қарасай шатқалындағы ежелгі жартас суреттерінің тарихы таныстырылды. Сондай-ақ Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының маманы Қарасай петроглифтерінің тарихи маңызы, зерттелуі және оларды сақтау мәселелері туралы кеңінен ақпарат берді. Оқырмандар петроглифтер арқылы көне дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы жайлы мағлұмат алды.

Экспедиция барысында қатысушыларға арналған танымдық ойындар мен логикалық тапсырмалар ұйымдастырылып, олардың тарихи білімін толықтыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берілді.

Іс-шара соңында Қарасай өңірінің тарихына арналған кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.