Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дәстүрлер мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батамен ел көгерер» тақырыбында облыстық байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибраттарын ұрпақ бойына сіңіру. Аталған байқауды облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесі ұйымдастырады.
Байқаудың шарты бойынша оған әр қаладан және ауданнан жасы 60-тан асқан аға буын өкілдері қатыса алады. Байқаудың шарттары мен ережелері Тараз қалалық, аудандық ардагерлер кеңестеріне қосымша жіберілді.
Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезең қалалық және аудандық деңгейде 2026 жылдың 20 сәуір мен 10 маусым аралығында өтті. Екінші кезеңге аудандардан, қалалардан іріктелген батагөйлер жолдама алды.
«Батамен ел көгерер» облыстық байқауы 2026 жылы 26 маусымда Тараз қаласында, С.Рахимов көшесі, 55 мекенжайында орналасқан Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде сағат 11:00-де өтеді.
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі