– Жыл басынан бері облыстың 6,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 28,3 млрд. теңге субсидия төленді. Сондай-ақ, қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 249 агроқұрылымға 8,8 млрд. теңге несие берілді. Мал шаруашылығында 33,6 мың тонна ет өндіріліп, 1,9%-ға, 57,6 мың тонна сүт өндіріліп, 1,8%-ға артты, – деді Болат Мырзаханұлы.
Айта кетейік, ауыл шарушалығы саласы бойынша облыста 2026 жылы жалпы құны 63,1 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.