Тараз қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инф- рақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте өндірілген өнімді ұзақ мерзімге сақтап, маусымаралық кезеңде нарықты тұрақты азық-түлікпен қамту маңызды міндеттердің бірі саналады.
Заманауи талаптарға сай салынған көкөніс сақтау қоймалары мен логистикалық нысандар ауыл шаруашылығы тауа- рын өндірушілердің мүмкіндігін арттырып қана қоймай, өнім шығынын азайтуға және бағаның тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі ретінде Тараз қаласының Әулиеата ауданына қарасты «Шайқорық» алқабында орналасқан «Кәусар» көтерме салқындатқыш қоймасы іске қосылды.
Жалпы аумағы 2,5 мың шаршы метрді құрайтын нысан бір мезетте 4 мың тоннаға дейін көкөніс пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялармен жабдықталған қойма өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға және азық-түлік қорын тиімді басқаруға жағдай жасайды.
Аталған нысан өңірдегі ауыл шаруа- шылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, ішкі нарықты тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз етуге өз үлесін қоспақ.
Жаңыл БОЛАТ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
«Конвергентті журналистика» мамандығының
2-курс студенті