Ағымдағы жылдың 11-маусымы күні Сарысу ауданы, Өндіріс ауылдық округінде «Acoustic Vibe» атты акустикалық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және көтеріңкі көңіл күй сыйлау, сондай-ақ достық пен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту.
Кеш М.Тұрысбектің «Алға, қазақ жастары» әнімен бастау алды. Ауыл жастары арасында өнерге жақын жастар лирикалық поэзиядан сыр шертіп, көрерменге рухани әсер сыйлады. Атап айтқанда, Ж. Саян М. Шаханов шығармашылығынан өлеңдерді мәнерлеп оқыды.
Сонымен қатар Н. Сұлтан «Ерке сылқым», Е. Жетпісбай «Нар ағашы» және Б. Түркістан «Тепең көк» күйлерін домбырамен нақышына келтіре орындап, кештің көркін аша түсті.
Іс-шара аясында «Шұбат» және «Бауырсақ» fest ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше белсенділік танытты. Жеңімпаздар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Ашық аспан астында өткен бұл мәдени кеш жастардың өнерін, жігерін және шығармашылық мүмкіндіктерін дәріптеп, көпшіліктің көңілінен шықты.
Сарысу аудандық Жастар ресурстық орталығы









