Жамбыл облысында отандық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар саны артып келеді. Өңір экономикасының өсіміне серпін беретін мұндай кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірістік әлеуетті нығайтуға үлес қосуда. Солардың бірі – қауіпсіздік жүйелері мен металл бұйымдарын өндіру бағытында табысты жұмыс істеп келе жатқан NTOUCH компаниясы.
Қазіргі таңда қауіпсіздік мәселесі қоғам өмірінің барлық саласында ерекше маңызға ие. Мемлекеттік мекемелерден бастап өндірістік кәсіпорындарға, білім беру ұйымдарынан коммерциялық нысандарға дейін заманауи қауіпсіздік жүйелеріне деген сұраныс артып келеді. Осы бағытта отандық өндірісті дамытып, инновациялық шешімдерді ұсынуда Тараз қаласы, Жібек жолы ауданында орналасқан «Жаңа Технологиялар-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орны айрықша.
«Жаңа Технологиялар-Тараз» – қауіпсіздік саласындағы инженерлік және технологиялық шешімдерді әзірлеумен, өндірумен және енгізумен айналысатын қазақстандық кәсіпорын. Компания бүгінде Тараз, Алматы және Астана қалаларында табысты жұмыс жүргізіп, еліміздің түрлі өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларға белсенді қатысуда.
Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті де жоғары деңгейде қалыптасқан. Жалпы аумағы 1 300 шаршы метрді құрайтын өндірістік цехта заманауи жабдықтар дайындалып, тұтынушылардың сұранысына сай өнімдер шығарылады. Бұл өз кезегінде отандық өндірістің дамуына серпін беріп, импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етуде.
Компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі – NTOUCH брендімен қауіпсіздік жүйелеріне арналған жабдықтар өндіру. Аталған бренд аясында бейнебақылау камералары, бейнетіркеу құрылғылары, турникеттер, коммутаторлар, серверлік шкафтар және басқа да заманауи техникалар шығарады. Бұл өнімдер сапасы мен сенімділігі жағынан жоғары талаптарға жауап беріп, еліміздің көптеген нысандарында тиімді қолданылып келеді екен.
– «Жаңа Технологиялар- Тараз» ЖШС үшін ең бас- ты құндылық – адам қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығы. Біз өз қызметімізді бастаған күннен бері сапалы өнім шығарып, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу арқылы клиенттердің сеніміне ие болуды басты мақсат етіп келеміз.
Бүгінде кәсіпорнымыз өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа технологияларды игеру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Әрбір жобамыздың артында білікті мамандардың еңбегі, жауапкершілігі және кәсіби тәжірибесі тұр. Сондықтан біздің ұжым жүзеге асыр- ған әрбір нысан қауіпсіздік талаптарына толық сай келетін сенімді шешім ретінде бағаланады.
Қазақстанда өндірілген өнімнің сапасын көтеру, қауіпсіздік саласындағы инновацияларды дамыту және отандық өндірісті қолдау – біздің стратегиялық басымдықтарымыз. Алдағы уақытта да қызмет аясын кеңейтіп, жаңа жобаларды іске асыру арқылы еліміздің қауіпсіздік индустриясының дамуына өз үлесімізді қоса береміз.
Бізге сенім артқан серіктестерімізге, тапсырыс берушілерімізге және кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Ортақ еңбектің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктеріміз әлі де жаңа белестерге бастайтынына сенімдімін, – дейді кәсіпорын директоры Адыл Раимов.
«Жаңа Технологиялар-Тараз» ЖШС қызметінің ерекшелігі – жобаларды кешенді түрде жүзеге асыруында. Компания мамандары тапсырыс берушілерге кеңес беріп, қажетті жабдықтарды таңдауға көмектеседі, жобалау жұмыстарын жүргізеді, монтаждау мен баптауды орындайды, сондай-ақ пайдаланушыларды оқытып, сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Мұндай жан-жақты тәсіл клиенттердің сенімін арттырып, ұзақ мерзімді серіктестік қатынастардың қалыптасуына негіз болып отыр.
Ал жуырда Жібек жолы ауданында орналасқан кәсіпорын цехының жұмыс барысымен ауданның әкімі Қарлығаш Аралбекова танысып, қосымша жұмыс орындарының ашылып жатқандығын жеткізді.
– Бүгінде өңір экономикасының дамуы, ең алдымен, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуімен және жаңа кәсіпорындардың ашылуымен тығыз байланыс- ты. Осы тұрғыдан алғанда «Жаңа Технологиялар-Тараз» ЖШС жүзеге асырып отырған өндірістік жобалардың маңызы ерекше.
Кәсіпорынның NTOUCH брендімен отандық өнім шығарып, өндіріс көлемін ұлғайтуы – ауданымыздың өнеркәсіптік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Ең бастысы, мұнда 150-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – аудан тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы, жастардың өз өңірінде еңбек етіп, кәсіби тәжірибе жинақтауына жасалған нақты жағдай.
Компанияның өндірісті кеңейтуі жаңа жұмыс орындарының құрылуына, инженерлік-техникалық мамандардың қалыптасуына және жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға оң әсер етуде. Сонымен қатар өнімдерді жергіліктендіру деңгейінің жоғарылауы отандық өндірісті дамытуға және өңір экономикасын нығайтуға маңызды үлес қосып отыр.
Мемлекет басшысы белгілеген экономиканы әртараптандыру және өндірісті дамыту міндеттерін жүзеге асыруда осындай кәсіпорындардың рөлі зор. Сондықтан аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен өндіріс саласын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова.
Кәсіпорында соңғы бір жылдың өзінде 13 жаңа жұмыс орны ашылып, өңір тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіштер жергілікті кадрлық әлеуетті дамытуға және отандық өндіріс саласындағы білікті мамандар қатарын көбейтуге мүмкіндік беруде.
Жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен кәсіби шеберліктің нәтижесінде компания білім беру мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарда, күштік құрылымдарда, коммерциялық және инфрақұрылымдық нысандарда көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруда.
Бүгінде «Жаңа Технологиялар-Тараз» ЖШС қауіпсіздік саласындағы озық технологияларды өндіріске енгізіп, өнім түрлерін көбейту арқылы өз қызмет аясын кеңейтуді жалғастыруда. Компания- ның басты мақсаты – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, маңызды нысандар мен стратегия- лық инфрақұрылымды қорғауға бағытталған сенімді әрі қолжетімді шешімдер ұсыну. Аталмыш кәсіпорын өз қызметі барысында отандық өндірісті дамытуға және қауіпсіздік саласындағы заманауи шешімдерді енгізуге қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте кәсіби марапаттармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталған. Мәселен, 2017 жылы компания өрт сөндіру жүйелері бойынша жүзеге асырылған үздік жоба үшін INTANT қауіпсіздік жүйелері форумының сертификатына ие болған. Ал 2019 жылы «Жаңа Технологиялар-Тараз» ЖШС BOLID байқауында «Орион» интеграцияланған қауіпсіздік жүйесі негізіндегі «Үздік жоба» номинациясы бойынша қазылар алқасының арнайы жүлдесіне лайық деп танылған. Ал 2020 жылы компания тиімді қызметі, кәсіпкерлік пен Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін «Сала көшбасшысы» құрметті атағын алған.
Компанияның ерекше жетістіктерінің бірі – «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуы. 2025 жылы «Жаңа Технологиялар-Тараз» ЖШС Жамбыл облысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында дипломмен марапатталды. Осы жетістіктің нәтижесінде компания өңір атынан республикалық деңгейде қатысып, «Қазақстанның үздік тауары» респуб- ликалық көрме-байқауының дипломанты атанды. Бұдан бөлек, компания «Даму» қорының қолдауымен ұйымдастырылған Ulttyq Ónim қазақстандық өндірушілер көрмелеріне қатысып, отандық өнімді насихаттауға қосқан үлесі мен белсенділігі үшін Алғыс хаттарға ие болған. Бұл жетістіктер кәсіби ұжымның жүйелі еңбегінің, жоғары жауапкершілігінің, заманауи технологияларды тиімді енгізуінің және сапалы қазақстандық өндірісті дамытуға деген ұмтылысының нәтижесі болып табылады.
Отандық өндірісті дамыту жолындағы табанды еңбегі мен жаңашыл бастамалары арқылы «Жаңа Технологиялар-Тараз» ЖШС Қазақстанның қауіпсіздік индустриясындағы жетекші кәсіпорындардың біріне айналып келеді. Бұл – ел экономикасының дамуына, технологиялық тәуелсіздіктің нығаюына және ұлттық өндірістің өркендеуіне қосылған маңызды үлес.
Арайлым ШАБДЕНОВА