Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігі – басты назарда

0 16

Прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тұрақты түрде назар аударады.

Жазғы демалыс кезеңінде жол-көлік оқиғаларының, су айдындарындағы, демалыс орындарындағы, жазғы лагерьлердегі, ойын алаңдарындағы, батут және ойын-сауық орталықтарындағы балалар жарақатының алдын алу мәселелері өзекті мәнге ие.

Өткен жылы облыс аумағында жол қозғалысы қағидаларын сақтамау салдарынан орын алған жол-көлік оқиғалары нәтижесінде 100-ден астам кәмелетке толмаған түрлі дене жарақаттарын алған. Сонымен қатар, жазғы лагерьлерде, демалыс аймақтарында және ойын-сауық кешендерінде жарақат алу фактілері бойынша 50-ге жуық бала медициналық көмекке жүгінген. Бұдан бөлек, батуттар мен аттракциондарда жазатайым оқиғалар тіркелген.

Осыған байланысты прокуратура органдары ата-аналарды балалардың жазғы демалысы кезеңінде олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңызбен жол қозғалысы қағидаларын сақтау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптары жөнінде тұрақты түрде профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз.
Кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауға, әсіресе су айдындарының маңында, ойын алаңдарында, батуттар мен аттракциондарда аса қырағылық танытуға шақырамыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.